Біліммен болашаққа бастаймыз.
«Rauан» көпсалалы колледжі – Қазақстандағы замануи кәсіптік білімнің орталығы. Біз студенттерге жоғары сапалы теориялық білім мен практикалық дағдыларды беруге ұмтыламыз.
Тәжірибелі оқытушылар құрамы, заманауи оқу базасы және инновациялық оқыту әдістері арқылы болашақтың мамандарын дайындаймыз.
Ресми аккредиттелген
20+ маман
Жабдықталған кабинеттер
Серіктес компаниялар
Бағдарламалау, желілік технологиялар және киберқауіпсіздік.
3 жыл 10 айҚаржылық есеп, салық заңнамасы және аудит.
2 жыл 10 айАзаматтық, қылмыстық және еңбек құқығы.
2 жыл 10 айБалаларды тәрбиелеу және оқыту, білікті тәрбиешілер даярлау.
3 жыл 10 ай«Rauan» ресми тіркелді.
Мамандықтар саны 8.
Халықаралық серіктестік.
Онлайн оқыту.
Жаңа кезең.
Абитуриенттер жиі қоятын сұрақтарды біз бір постқа жинадық. Егер сен «Рауан» колледжіне оқуға түскің келсе, осы постты сақтап қой — мұнда оқу, практика, жұмысқа орналасу және студенттік өмір туралы ең маңызды ақпарат бар 🎓 Сұрақтарың қалды ма? Direct-ке жаз немесе кеңес алуға кел ✉️ 📍 Арынова 1/29 📞 +7 701 427 4520 «Рауан» колледжінде сені күтеміз ✨
Толығырақ →«Рауан» колледжіне оқуға түсу үшін қажетті құжаттар тізімі ✔️ Білім туралы құжат (қосымшасымен бірге аттестат) ✔️ Өтініш (колледжде толтырылады) ✔️ Медициналық анықтама (075/у нысаны) ✔️ Баланың денсаулық паспорты және екпе картасы ✔️ 3×4 көлеміндегі 4 фотосурет ✔️ Жеке куәлік немесе туу туралы куәлік (көшірмесі) ✔️ Ата-ананың немесе заңды өкілдің ЭЦҚ-сы 📍 «Рауан» колледжі Арынов көшесі, 1/29 📞 +7 701 427 4520
Толығырақ →«Рауан» колледжіне оқуға түсу — табысты мамандыққа бастар жол! Сұранысқа ие мамандықты таңдап, мансабыңды алғашқы курстан бастап қалыптастыр! 🚀 Тәжірибе, нақты жобалар, білікті оқытушылар және заманауи білім беру әдістері — мұның барлығы бізде! 📌 Мамандықтар: • Құқықтану • Бағдарламалық қамтамасыз ету • Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту • Есеп және аудит 💡 Алғашқы курстан бастап: тәжірибе, жобалар, кәсіби дағдыларды дамыту және болашақ жұмысқа нақты дайындық! ──── 🎁 ТЕГІН кеңес алуға шақырамыз! Біз сізге мамандық таңдауға көмектесеміз, оқуға түсу тәртібі туралы ақпарат береміз және барлық сұрақтарыңызға жауап береміз. 📍 Мекенжай: Ақтөбе қаласы, Арынов көшесі, 1/29 📞 Байланыс телефоны: +7 701 427 4520 ──── 📩 Бізге хабарласыңыз немесе колледжге келіңіз — сіздің болашақ мамандығыңыз осы жерден басталады!
Толығырақ →Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша оқу-далалық жиынының қорытындысы шығарылды. Жиын барысында білім алушылар теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, саптық дайындық, әскери тәртіп, төтенше жағдайларда әрекет ету және командалық жұмыс дағдыларын жетілдірді. Қатысушылар өздерінің жауапкершілігін, табандылығын және белсенділігін көрсете отырып, қойылған міндеттерді жоғары деңгейде орындады. Жиын қорытындысы бойынша ерекше көзге түсіп, үздік нәтиже көрсеткен білім алушылар арнайы марапаттарға ие болды. Бұл жетістіктер – олардың еңбегі мен ынтасының жемісі. Барлық қатысушыларды оқу-далалық жиынының сәтті аяқталуымен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да білім мен тәртіпті серік етіп, жаңа белестерді бағындыруларына тілектеспіз.
Толығырақ →WorldSkills Aqtobe – 2026 чемпионатының салтанатты жабылу кешінде колледжіміздің білім алушылары жақсы нәтиже көрсетіп, жүлделі марапаттарға ие болды! Нәтиже бойынша: 🥉 III дәрежелі диплом иегері — БҚ101 топ студенті Рыскелді Тоғжан Нұрланқызы 🏅 «Үздік маман» медальонының иегері — БҚ101 топ студенті Ермек Қыдырәлі Уралұлы Бұл — табандылықтың, үздіксіз еңбектің және кәсіби шеберліктің жемісі! Колледжіміздің абыройын асқақтатып, биік деңгейде өнер көрсеткен білім алушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстар, жаңа белестер мен үлкен жеңістер тілейміз! Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! Біз сіздермен мақтанамыз!
Толығырақ →📚 Кітапханашы Туребекова Г.М. ұйымдастыруымен «Мен батырдың ұрпағымын» челленджі өтті. Челлендждің мақсаты — жас ұрпақтың бойына патриоттық рух қалыптастыру, батырлардың ерлігі мен өнегелі өмірін насихаттау, тарихи шығармаларды оқуға қызығушылықтарын арттыру және Отанға деген сүйіспеншілікті дәріптеу. Ер есімі — ел есінде. Батырлардың ерлігі — ұрпаққа мәңгілік өнеге.
Толығырақ →Қазақстан, Ақтөбе қ. Арынова 1/29
Дүйсенбі – Жұма: 09:00 – 18:00